10:13, 13 Мамыр 2009
«Қазмырыш» зауытының өндірістік аумағында өрт болды
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы « Қазмырыш» акционерлік қоғамының зауытында электр жабдығындағы ақаудың салдарынан өрт шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға кеше сағат 17.29-да болған, электр қондырғысын іске қосу кезінде 22 тонналық ыдысы бар «ТРДН 63 МВА» май трансформаторы жана бастаған. Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен кешкі сағат 23.05-те сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.