«Қазпочта» АҚ пошта бөлімшелері, Ақша аударымдары орталығы (Астана қ.), «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Төлемдерді қабылдау нүктелері және мамандандырылған өндірістік нысаналарының жұмыс істеу уақыты демалыс күндеріне сай өзгертіледі», - делінген хабарламада. Сонымен, пошта бөлімшелері бойынша: 01-03-ші қаңтар 2016 ж. - демалыс күні; 4-ші қаңтар - жұмыс сенбілік уақыт бойынша жүргізіледі (09:00-ден 14:00-ге дейін); 7-ші қаңтар - демалыс күні. Ақша аударымдары орталығы (Астана қ.) бойынша: 31-ші желтоқсан 2015 ж. - 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс; 01-ші қаңтар 2016 ж. - 10:00-ден бастап тәулік бойы. Ал «Халыққа қызмет көрсету орталығында» орналасқан төлемдерді қабылдау нүктелерінің жұмыс уақыты ХҚКО уақыты бойынша түзіледі. Сондай-ақ, мамандандырылған өндірістік нысаналар мереке күндері өндірістік қажеттілік бойынша жұмыс атқарады.
19:26, 30 Желтоқсан 2015
«Қазпочта» АҚ пошта бөлімшелері Жаңа жылда үш күн демалады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Қазпочта» АҚ пошта бөлімшелері Жаңа жылда үш күн демалады. Бұл туралы бүгін осы мекеменің баспасөз қызметінен хабарлады.