31 наурыз күні Қазақстан Республикасында KazSat-2 ғарыштық аппаратының ресурстарын пайдаланатын 13 байланыс және телехабар операторының жұмысы уақытша тоқтатылды.
«Қазіргі уақытта «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының қызметкерлері бас мердігер - М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының өкілдерімен бірлесіп, спутниктің қалыпты жұмысын және байланыс операторлары желісінің жұмысын ретке келтіру үшін барлық қажетті шараларды жасауда. Жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», делінген хабарламада.