ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағытына сәйкес өткен жылы Қазталов ауданында 13 несие серіктестігі 300 млн. теңге несие алды.
Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, осы қаржының 106,731 млн. теңгесіне 703 бас ірі қара, 90,250 млн. теңгеге 4250 қой, 40,381 млн. теңгеге 195 жылқы, 31,903 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Сондай-ақ 2012 жылы 17 шаруа қожалығы «Қазагроқаржы» АҚ арқылы лизингке 75,8 млн. теңгеге жаңа 33 трактор мен түрлі ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізді. «Оралагро» ЖШС арқылы 8 шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 27,7 млн. теңгеге жаңа 11 трактор мен басқа техникалар алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).