ОРАЛ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында екі бірдей жаңа нысан ашылды.
Оның бірі - Елбасы тапсырмасына сәйкес аудан орталығында бой көтерген 280 орындық «Нұрбалапан» балабақшасы. «Әлім» ЖШС тұрғызған жаңа ғимаратқа республикалық бюджеттен 370 млн. теңге бөлінген болатын. Сөйтіп Қазталов ауылындағы балдырғандар қуанышқа кенелді.
Екінші нысан - қазіргі заманғы «Жаңа тал» қонақүйі. Бұған 32,092 млн. теңге жұмсалды. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын салған 10 орындық қонақүйде барлық жағдай жасалған.
Аталмыш ғимараттардың пайдалануға берілуі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).