Тұрғындармен кездесуге Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын қатысты.
Қаланың тұрғындарымен кездесуде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директоры Қайыргелді Қабылдин республиканың басты мұнайкөлік компаниясы жөнінде толық ақпаратты ұсынды. Ол сондай-ақ өткен жылы 25,9 млрд. теңге таза пайда түскенін айтты.
Кездесудің қатысушылары компания акцияларын сатып алу үшін өтініштерді беру процедурасы жөнінде толық ақпаратқа ие болды.
«ҚазТранОйл» компаниясының басшылары залдан келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берді.