Бұл сұрақ 28 мамыр күнi акционерлердiң жылдық отырысында қаралатын болады. Бұл туралы бүгiн "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Қайыргелдi Қабылдин мәлiм еттi.
"Осылайша, бiр акция үшiн дивиденд төлеу 75 теңге көлемiнде болмақ. Бұл акция құнының 10,34 пайызын құрайды", - дедi Қ. Қабылдин.
Егер аталмыш ұсыныстар қабылданатын болса, акционерлерге дивидендтер 4 шiлдеден төлене бастайды.
Айта кетейік, былтыр компания 33,5 млрд. теңге таза табыс тапты.