Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2022-ші жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін ҚазТрансОйл Германияға жеткізілетін мұнайды қабылдай бастағанын жазған болатынбыз.