Бұл туралы "Халықтық IPO" бағдарламасының ресми сайтында жазылды.
Компанияның таза пайдасы екі еседен астамға ұлғайып, 20,323 млрд. теңгеге дейін, ал активтері - 3,72%-ға өсіп, 514,919 млрд. тенгеге дейін жетті. Бір акцияның баланстық құны - 1004 теңгеден 1057 теңгеге дейін артты.
ҚТО-ның ақша қаражаттары (банктердегі есеп-шоттары мен қолма-қол қаражаты) қаңтар-ақпан айларында 82,93%-ға өсті. ҚТО ағымдағы жылдың 4 шілдесінен бастап бір акцияға 75 теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді бастайды.