12:11, 11 Сәуір 2009
Кеден қызметкері Қазақстаннан бағалы тұқымды балықтарды заңсыз алып шығуға көмектескен
ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының қаржы полициясы бағалы тұқымды балықтарды Қазақстаннан тыс жаққа алып шығуға заңсыз кедендік декларациялар ресімдегені үшін, «Қаратомар» кедендік бекетінің қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Балықтарды алып шығуға рұқсат құжаттарының жоқ екендігін біле тұра, кеденшінің жүк декларациясын заңсыз ресімдегенін тергеу ісі анықтап берді. Кеденшінің көмегі арқасында жеке кәсіпкер 175 тонна қымбат тұқымды балықты шекарадан алып өткен. Жүктің кедендік құны ? 3,8 млн. теңге.Қостанай облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің хабарлауынша кеден қызметкеріне қарсы тергеу амалдары жүргізілуде.