Бұл туралы «Новый регион» басылымына сілтеме жасай отырып «Ньюсру.ком» агенттігі хабарлайды.
«Автомобиль және автомотор ғылыми-зерттеу институты (НАМИ) доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі жөнінде Ресей заңдылықтарына сәйкес РФ, Беларус, Қазақстан Бірыңғай экономикалық кеңістігі нормаларымен қолданылатын жаңадан Техникалық регламент әзірледі. Құжат Кеден одағы аумағында тасымалданып, пайдаланылатын көлік құралдарының параметрлерін реттейді. «Қауіпсіздік талаптары» тарауында оң жақ рульді автомобильдерді пайдалануға тыйым салатын түбегейлі тармақ бар», - деп хабарлайды агенттік.
Сарапшылардың пікірінше, оңжақ рульді автомобильдерді ел аумағына алып кіруге, пайдаланылуына тыйым салу Ресей заңнамаларын осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға тыйым салған Қазақстан нормаларымен сәйкестендіруге бейімдеу қажеттілігінен туындап отыр. Ресей автомобильшілер қозғалысының жетекшісі Вячеслав Лысаков жаңа техрегламенттің қабылдануына байланысты Ресейдегі «оңжақ руль» иелерінде түйткілді мәселелер туындауы әбден мүмкін екендігін жоққа шығармайды.