Оны Экономикалық зерттеулер институты президентінің міндетін атқарушы Жәмила Бопиева бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кедендік одақ елдері: дағдарыс және дағдарыстан кейінгі қалпына келу» деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісі кезінде айтты.
«Кеден одағына кірместен бұрын, ең либералды тарифтік саясат Қазақстанда болды. Импорттық тарифтік алымдар Қазақстанда - 6,2 пайыз, ал Ресейде - 10,6 пайыз деңгейінде еді. Сондықтан өзге 2 елге қарағанда ең ашық нарық біздікі. Егер импортты талдасақ, бізде оның 38 пайызы Ресейден, 70 пайызы Кедендік одақтан тыс елдерден келеді. Енді Кедендік одақтан тыс елдерден импортталатын тауарлар аздап қымбаттайды. Оларда инфляцияға әсер ететін тауарлық позициялар аса көп емес. Олар көбінесе киімдер, косметика, сандық аппаратуралар, дәрі-дәрмекпен байланысты», дейді Жәмила Бопиева. Оның айтуынша, осы қымбат тауарларды біздің сатып алушыларда таңдау бар. Егер сырттан келген тауарлар тым қымбат болса, олардың орнына Беларус пен Ресейден келген тауарларды сатып ала алады. Әрине олар арзандау болғанмен сапасы кейбір позицияларда төмендеу. Бұл қазақстандық тауар өндірушілерге мүмкіншілік береді.
«Егер Кеден одағы елдерінде өндірілетін тауарлардың сапасы төмен, ал сырт елдердің өнімдері қымбат болса, мемлекет көмектесетін болса біздің тауар өндірушілеріміз бұл өндірісті жылдам өзімізде өндіре алады. Кеден одағы толық іске қосылған кезде біздің тариф те көтеріледі. Ол инфляцияға өз әсерін тигізеді. Дегенмен 1-2 жылдан кейін нарыққа халық та бейімделетін болады», дейді Экономикалық зерттеулер институты президентінің міндетін атқарушы Жәмила Қадырқызы.