Кеден жыл басынан бері 3,3 трлн теңгеден астам төлем жинаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеден түсімі биыл 3,3 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік рәсімдерді жеделдетуге бағытталған, оның ішінде кедергілерді және заңсыз факторларды жою, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін құқықтық қолайлы жағдай қалыптастыружолында дәйекті жұмыс жүргізіп жатыр.

Нәтижесінде 23 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен кедендік төлемдер мен салық көлемі 3,3 трлн теңгегежетті, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 54% артық (2,2 трлн. теңге).

Оның ішінде өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 80% (766 млрд теңге) өсумен, 1,4 трлн теңге импортқа ҚҚС түсті.

Бұл ретте, 2022 жылға арналған ҚҚС бойынша жоспар мерзімінен бұрын 7 қарашада орындалды.

Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы 10 айда 87,6 млрд АҚШ долларын құрады (өткен жылы 61 млрд АҚШ доллары). Оның ішінде импорт 24,2 млрд АҚШ долларына дейін өсті (өткен жылы 18,3 млрд АҚШ доллары), ал экспорт 63,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды (өткен жылы 42,8 млрд АҚШ доллары).

2022 жылғы 11 айда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит көлемі өсті және 10,1 млн тоннаны құрады (2021 жылғы 11 айда 9,2 млн тонна).

СЭҚ-қа қатысушылардың саны екі есеге жуық өсті (2021 жылғы 28,8 мыңнан 2022 жылы 44,5 мыңға).

Көрсетілген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берген негізгі шаралар:

1. бақылауды орталықтандыру. Бас деспечерлік басқарма құрылды (БДБ), ол СЭҚ-қа қатысушылармен байланыссыз қашықтықтан бақылауды жүзеге асырады. Нәтижесінде кеден бекетінің қызметкері шешім қабылдаудан бөлінген, жүйенің өзі кедендік декларацияны мамандар бойынша дербес бөледі және дәлізді («жасыл», «қызыл», «сары», «көк») айқындайды, яғни сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайлар барынша азайтылды;

2. Кадр саясаты. Кадр саясатына меритократия қағидаттары енгізілуде. Кеден органдарында кәсібилікті бағалау күшейтілді, атқаратын лауазымдарына сәйкессіздік фактілері бойынша кеден бекеттерінің 10 басшысы және кеден бекеттері басшыларының бес орынбасары босатылды.

3. Цифрландыру. СЭҚ-қа қатысушыларды санаттау автоматтандырылды. Жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Кеден маңы саласындағы субъектілерді санаттау басталды. 8 мыңнан аса тәуекелдің құндық индикаторы өзектендірілді.

4. кедергілерді жою. ҚХР-мен шекара маңы өткізу пункттерінің, оның ішінде бұрын жабық болған «Майқапшағай – Зимунай» және «Қалжат – Дулаты» өткізу пункттерін ашу жолымен өткізу мүмкіндігі тәулігіне орташа есеппен 4 есеге дейін ұлғайтылды. СЭҚ-қа қатысушылардың тәуекелдерін есептеу үшін ҚР ҚМ МКК сайтына тауарлар бойынша бағалық ақпарат орналастырылады. «Е-терезе» сайтында КҚ бөлігінде тауарларды декларациялау бойынша деректерді қарау жөнінде онлайн-сервис іске асырылды.

2022 жылы МКК Қазақстан Республикасының барлық сауда әріптестері арасында тауар айналымы бойынша бірінші орынды (22,8%, 17,8 млрд АҚШ доллары) алатын Қытай Халық Республикасымен шекарадағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударды.

Экспорттық декларациялармен онлайн-алмасу жолға қойылды, олар бойынша мәліметтер тауар ҚХР мен Қазақстан аумағына кіргенге дейін келеді.

2022 жылға дейін Қазақстан автокөлік құралдарымен (ҚХР-дан импорт 17%) өткізілетін тауарлар бойынша ғана мәліметтерді алды.

2022 жылдан бастап Қазақстан теміржолмен (ҚХР-дан импорт 80%) өткізілетін тауарлар бойынша дерекеттерді алуды бастады.

ҚХР-дан тауарлардың құны бойынша және саны бойынша импортты анық декларациялау қамтамасыз етілді.

Оның нәтижесі ретінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда ҚР мемлекеттік бюджетіне 627,3 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түсті, бұл 2021 жылға (382,2 млрд теңге) қарағанда 64% артық.

Көрсеткіштердің осыған ұқсас өсуі тек ҚХР бағытында ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа сауда әріптестері бойынша да байқалады.

Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап Түркия Республикасынан әкелінетін тауарлар үшін кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 126,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы (72,6 млрд теңге) барлық ұқсас көрсеткіштерден 75% артық.

Бұл ретте көлеңкелі схеманы жоюдың есебінен, халық тұтынатын тауарлардан төлемдерді жинау тиімділігі 389% өсті (2021 жылы 4012 көлік құралынан 9,95 млрд теңге, 2022 жылы 3038 көлік құралынан 36,87 млрд теңге).

Сонымен қатар бірқатар міндеттер бақылауда тұр, оларды шешу үшін ҚР ҚМ МКК барлық бизнес-процестерді толық автоматтандыруды қамтамасыз ету, оның ішінде жасанды интелект пайдалан отырып, сондай-ақ барлық кедендік рәсімдерді оңайлату бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.

МКК ұстанған ашықтыққа арналған курсы жекелеген СЭҚ-қа қатысушылардың қарсылығына тап келіп жатады, олар орнатылған қағидаларды айналып өту әрекетінде әртүрлі қулықтарға барып қоймай, тәртіп орнату жөніндегі жұмыстың беделін түсіруге тырысады.

2021 жылдың барлық кезеңіне қарағанда 2022 жылғы 23 желтоқсанда үш еседен көп заңбұзушылық анықталды, ҚР мемлекеттік бюджетіне 181,8 млрд теңге өндіріп алынды, 2021 жылы 50,7 млрд теңге.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен кедендік төлемдер мен салықтардың құрылымы

Позиция

2022 жылғы

23 желтоқсанға

2021 жылғы

23 желтоқсанға

ЭКБ (мұнай және мұнай өнімдері)

1,6 трлн теңге

975 млрд теңге

Импортқа ҚҚС

1,4 трлн теңге

766 млрд теңге

Импорттық баж

40 млрд теңге

23 млрд теңге

Кедендік алымдар

32,9 млрд теңге

25 млрд теңге

Импортқа акциз

26,9 млрд теңге

14,7 млрд теңге

Қорғау бажы

1 млрд теңге

399 млн теңге

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне бұзушылықтардан өндіріп алынған түсімдердің құрылымы

Позиция

2022 жылғы

23 желтоқсанға

2021 жылғы

23 желтоқсанға

Кедендік тексеру

85,7 млрд теңге

16 млрд теңге

Кедендік құнды төмендету

59,5 млрд теңге

20,8 млрд теңге

Жеңілдіктер мен қорғау шараларын қолданудың құқыққа сыйымдылығы

17 млрд теңге

5,5 млрд теңге

Кедендік рәсімдер шартын бұзушылық

9,3 млрд теңге

2,5 млрд теңге

Тауарларды дұрыс емес жіктеу

6,1 млрд теңге

2,6 млрд теңге

Жете тексеру

4,2 млрд теңге

3,2 млн теңге