деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірегей кедендік аумақ жағдайында бизнестің бәсекеге қабілеттілігі аса өзекті мәселе. Әрине, Кедендік одақта қай тарап өте-мөте бәсекелі болса, нарық та соған тиесілі болатыны жасырын емес. Осы тұрғыдан алғанда Кедендік одақтың құрылуы Қазақстанда басқа елдердің тауарлар санының арта түсіп, өзіміздің отандық тауар өндірушілерге ауыр соққы болмай ма, деген заңды сауал туындайды. Өйткені, қазақстандық бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындар жаңа жағдайда «тізе бүгуге» мәжбүр болады. Бұл ретте, өкінішке қарай алыпсатарлармен емес ресейлік және беларустық өндірушілермен бірге ашық бәсекелестікке түсуге даяр емес боп отырған қазақстандық тауар өндірушілер жапа шегеді. Осындай жағдайда қорғаныс баждарынан бөлек, кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті деңгейге дейін дамыту, қолдау шаралары да жүзеге асқан орынды», деді Г. Қарағұсова.
Оның айтуынша, бірегей кедендік тарифтерді қабылдағаннан бері Қазақстандағы орташа кедендік баж салығы 5 пайызға артқан. Сонымен бірге, Кедендік одақ бойынша тарифтік саясаттың түгелге жуығы Ресей ставкаларына қатысты негізделген болып отыр. «Сондықтан да, бұлар басым жағдайда Ресей экономикасы үшін қорғаныш сипатта болатыны айдан анық», деді ол.