Кеденнің уақытша сақтау қоймаларындағы автокөліктер кәдеге жарай ма

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша сақтау қоймаларында бағасы 500-9000 АҚШ доллары аралығындағы 117 автокөлік тұрғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уақытшасақтау қоймаларында қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заттай дәлелдемелерретінде алынған 2006-2016 жылдары шыққан көліктер тұр. Оның ішінде Қырғызазаматтарының сенімхатымен Қырғыз Республикасынан Қазақстанға әкелінген жеңілавтокөліктер де бар. Аталған автокөліктер салық төленбеуі салдарынан кідіріп,қоймада тұр», - деп хабарлайды комитеттен.

2019жылдың 13 тамызындағы жағдай бойынша уақытша сақтау қоймаларында 500-ден 9000АҚШ долларына дейінгі бағамен тұрған 1965-2013 жылдары шығарылған 117 автокөлікбар. Оларды Еуразиялық экономикалық одақаумағында пайдалануға тыйым салынған және көліктер қауіпсіздік бойыншатехникалық регламенттерге сәйкес келмейді.

«Осылайшауақытша сақтау қоймаларында қымбат автокөлік құралдары жоқтығын хабарлаймыз.Техникалық регламентке сәйкес емес, бірақ бұдан әрі пайдалануға жарамдыавтокөлік құралдарын қосалқы бөлшектер бойынша сату құқығы «Оңалту жәнеактивтерді басқару компаниясы» АҚ ұйымына берілген. Сатуға және бұдан әріпайдалануға жарамсыз автокөлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдарменкелісілгенде және ақшалай қаражаттар іздестірілгеннен кейін кәдеге жаратылатынболады», - делінген хабарламада.

Ескесала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы кеден қоймаларында бірқатар автокөлікпен ұшу аппараты «тұрып қалғаны» хабарланған болатын.

«Ұсталғантауарларды өткізуге жауапты әрі активтерді оңалту бойынша компаниялартауарлардың құнын айқындай алмай жатады. Осыған байланысты кейбір тауарларкеден қоймаларында әлі жатыр», - деген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресагенттігінің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова ведомствода өткенжиында.


Соңғы жаңалықтар