Оларға денсаулық, бақыт тілеген кеденшілер, қарттардың бәріне ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
Тағы бір үлкен сыйлықты, кеденшілердің өтініші бойынша, Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әртістері ұйымдастырды. Бір жарым сағатқа созылған концертте өткен жылдардың әндері орындалды, қариялар әртістерге қосылып ән айтып, бір жасап қалды.