«Басты міндет - жәрдемақыға ауыз ашуды тоқтату керек. Жұмыссыз грантты жұмыссыз болғаны үшін немесе тұтыну үшін емес, кәсіп игеруі үшін алуы керек. Кедейшілік проблемасын мемлекеттік жәрдемақының есебінен жұмсартып қоя салмай, оны шешу қажет. Мемлекет шын мәнінде жұмысқа жарамайтын, тұрмысы төмен азаматтарға ғана көмектесетін болады», - деді Н.Назарбаев.
13:07, 28 Қаңтар 2011
Кедейшілік проблемасын жұмсартып қоймай, оны шешу керек - Елбасы Жолдауы
ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/- Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке келесі жылдан бастап жұмыссыздарға ынталандыру жәрдемақыларын төлеуге ауысу туралы тапсырма берді.