Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «KEGOC» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.
Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстанның қор биржасында құнды қағаздар 10 пайыз минус бір акция көлемінде орналастырылатын болады. Құны 505 теңгені құрайды.
«Акцияларды сатып алуға өтінім бір ай бойы, ағымдағы жылдың 5 қарашасынан 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал желтоқсаннан бастап акциялар KASE жүйесінде еркін айналымға шығарылатын болады», - деді Б.Қажиев.
Оның сөзіне қарағанда, ІРО барысында негізгі басымдық жеке инвесторларға - Қазақстан азаматтарына беріледі. Өтінімдерге шектеу қойылмайды.