Акционерлер компанияның таза табысы 8,6 млрд. теңгені құраған 2014 жылы бойынша KEGOC-тың жылдық қаржылық есебін бекітті, делінген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сайтында.
Сонымен қатар акционерлердің жалпы жиналысы шешімімен 2014 жылғы таза табыстың 99,97% KEGOC қарапайым акцияларын иеленушілерге бөлініп берілетін болады, бір қарапайым акциясының құны 33,13 теңгені құрайды. 2014 жылғы қорытындысы бойынша компанияның қарапайым акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізімі 2015 жылы 15 мамырда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша тіркеледі. Дивидендтер төлеуді бастау уақыты - 2015 жылғы 25 мамыр. Сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысында алты адам көлемінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі құрамының саны туралы және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесін келесі құрамда таңдау туралы шешім қабылданды: 1) Бектеміров Қ.Ә. - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін басқару жөніндегі бас директоры; 2) Спицын А.Т. - тәуелсіз директор; 3) Лука Сутера (Luсa Sutera) - тәуелсіз директор; 4) Доминик Фаш (Dominique Fache) - тәуелсіз директор; 5) Януш Биалек (Janusz Bialek) - тәуелсіз директор; 6) Қажиев Б.Т. -«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы таңдалды. Айта кетейік, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі - 3 жыл.