деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.
«Бұл бағдарламалық құжатта Қазақстан бірыңғай энергия жүйесінің сенімді жұмысы мен тиімді дамуын қамтамасыз етуге қатысты ҚР Үкіметінің алға қойып отырған міндеттерін жүзеге асырудағы негізгі бағыттар айқындалған. Компанияның құны 531 млрд. теңге (ағымдағы бағасы бойынша) басымдыққа ие жобалары қоржынына 16 нысан енеді», делінген баспасөз баянында.
«KEGOC» АҚ өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясын ҚР Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығына, ҚР-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірлеген.
Ұзақ мерзімді стратегия мемлекеттің бірыңғай энергия жүйесінің сенімді жұмысы мен тиімді дамуын қамтамасыз етуге байланысты талаптарын орындау, жүйелік оператордың қызметін атқаруда саладағы ең озық компаниялар деңгейіне жету, негізгі бизнесті дамыту, ұлттық электр торабының транзиттік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру есебінен компанияның акционерлік құнының өсу тұрақтылығын қалыптастыру, корпоративтік даму деңгейі бойынша энергетика саласында Қазақстан мен ТМД-да жетекші орында болу сияқты мақсаттардың кешенді жүзеге асырылуын қарастырады.
«KEGOC» АҚ-тың 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруы ел экономикасының электр энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуді, ҰЭТ жұмысының жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын және еліміздің энергиялық тәуелсіздігін, ҰЭТ тұтастығы мен теңгерімділігі жүйесін қалыптастыруды, электр энергиясын болашағы зор тұтыну нарығына шығарудың қосымша мүмкіндіктерін, корпоративтік басқару рейтингін 7 деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етеді», делінген баспасөз хабарламасында.