деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасында «Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша жалпы 333 млн 690 мың теңге шығыстар көзделген. Соның ішінде бұқаралық спортты дамытуға 2010 жылы 103 млн 118 мың теңге, 2011 жылы - 110 млн 852 мың теңге бағытталатын болады. Ал 2012 жылы аталған бағдарламаның шығысы 119 млн 720 мың теңге көлемінде болмақ.
Осы шығыстардың бірқатары салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорттың түрлерін дамыту бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалады. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері және мүгедектер спорты бойынша спортшылар даярлауға да қаржы көзделген. Осы бағдарлама бойынша халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға, соның ішінде 9 спорт түрі бойынша Ванкувердегі (Канада) паралимпиадалық ойындарға қатысуға, сондай-ақ, ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық спорттық жарыстар өткізуге қаражат бағытталатын болады.