Бұл туралы бүгін елорданың инновациялық дамуына арналған «Smart Astana-2011» конференциясы барысында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда кәсіпкерлерге серіктестіктің тіркелгендігі туралы куәлікті алуға шамамен 30 күн қажет. Сонымен қабар көптеген құжаттарды жинауға да тура келеді.
«Біздің жағдайда интернет арқылы заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлікті 15 минуттың ішінде алуды ұсынамыз және келесі жылдан бастап жүзеге асыра бастаймыз. Менің ойымша, бұл біздің кәсіпкерлерге қатты ұнайтын болады», - деді А.Жұмағалиев.