Ол журналистерге атқарған жұмыстары, аймақ өмірі жайында объективті және жедел ақпарат таратқандары үшін алғысын білдіріп, қызметте табыстар тіледі.
«Журналистика - бұл мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы байланыс, тұрғындарды ақпараттандыру ғана емес, бұл аймақтың рухани, адамгершілік және әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін күш», - деп атап өтті Е.Арын. Ол тәжірибеге көкейкесті мәселелерді талқылауды және қоғамдық бақылау институтын енгізуді ұсынды.
Аймақ басшысы ендігі жылы республикалық және аймақтық БАҚ-қа жұмыс істеуге мүмкіндік беретін медиа-холдинг жұмыс істейтінін хабарлады.
Кездесудің барлық қатысушыларына сыйлықтар табыс етілді.