Вице-премьер кен металлургиялық саламен байланысты экологиялық факторларға тоқтала келе, Қазақстандағы Индустрияландыру картасына енгізілетін барлық жобалар міндетті сараптаудан өтетінін, сол арқылы қоршаған ортаға әсері бағаланатынын атап өтті. Оның айтуынша, экология тұрғысынан алғанда жобалардың көптеген сүзгілерден өтетінін батыл мәлімдеуге болады.
«Тағы бір маңызды, перспективалық бағыт - өндірудің гидрометаллургиялық әдісін енгізу. Бүгінгі күні осы әдіспен уран мен алтын өндіріледі, ал келешекте осындай технологиямен жез бен мыс өндіру көзделеді. Бұл металлургиялық өндіріс саласында энергияның шығынын қысқартады», - деді Серік Ахметов.