18:06, 30 Наурыз 2009
Кеңес Одағының Батыры С.Жақсығұлов өмірден озды
ОРАЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыздың 30-ында есімі елге танымал соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов 85 жасында дүниеден озды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1924 жылы Жаңақала ауданында өмір есігін ашқан Садық Шәкелұлы 18 жасында өзі сұранып, майданға аттанды. Днепр өзенінен өту кезіндегі қаһармандық ерлігі үшін миномет расчетінің сержанты С.Жақсығұловқа Батыр атағы берілді.
Жеңісті Австрия жерінде қарсы алған Садық Жақсығұлов елге оралғаннан кейін көп жыл партия, кеңес органдарында жемісті еңбек етіп, қазіргі Тасқала ауданының өркендеуіне өз үлесін қосты. Ол ? осы ауданның құрметті азаматы, Батырдың атында орта мектеп бар. Қазақша күрестен С.Жақсығұлов атындағы дәстүрлі турнир де өткізіліп келеді.
С.Жақсығұлов өңірдегі көзі тірі ең соңғы Кеңес Одағының Батыры болатын.