ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Чинарев мұнайгазконденсаты кеніші ұңғымасынан шикі мұнай ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі «б» тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Аталған кеніштен 23 текше метр шикі мұнай қолды болған, мұның құны 1,3 млн. теңгені құрайды. Департамент сонымен қатар Қазталов ауданы ауылдарының бірінде су жинау, тазалау мен реттеу нысаны құрылысына бөлінген 1,2 млн. теңге бюджеттік қаржыны қымқырған ЖШС лауазымды қызметкерін де сау қалдырмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).