Кереку өңірінде бір жылда 2 үшем, 104 егіз сәби дүние есігін ашты

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Статистика департаментінің мәліметтері бойынша, өткен жылы Павлолар облысында 12892 сәби дүниеге келіпті.

Сүйінтіп, қуантатыны, өмірге келген балалардың дені, яғни 58,4 пайызы қазақтың қарадомалақтары. Олардың 6627-сі ұл бала және 6265-і қыздар. Жаңа туған сәбилерге Санжар, Ерасыл, Мансұр, қыздарға Аружан, Аяулым деген есімдер көп қойылыпты.

Ал бала туудың жоғары көрсеткіші қазақтар көп тұратын Баянауыл ауданында тіркелген. Тұңғыштардың үлесі 44,4 пайызды құраған. Олардың қатарында үшемдер, егіздер бар. Өмірге сәби әкелген аналардың жасы 20-дан 40-49 жас шамасын құрайды, деп жазады «Егемен  Қазақстан» газеті.