Мәселен, желтоқсанның 4-і күні сағат 17.30-да, Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек-Қорғас автожолының 43-ші шақырымында «Ауди» автокөлігі аударылып, апат салдарынан көліктің 50 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші мен оның тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен аурухана жеткізілді.
Осы күні түңгі сағат 02.00-де Оңтүстік Қазақстан облысы Дархан ауылы, Фронтовое-Шыназ автожолының 192-ші шақырымында «БМВ» және «Газель» автокөліктерінің соқтығысуы болды. «БМВ-ның» 38 жастағы жүргізушісі апат орнында жан тәсілім етсе, екінші көліктің 23 және 49 жастағы жолаушылары ауруханаға жеткізілді.