Оның айтуынша, 2011 жылғы 4 ақпанда Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалды. «Сайлауды әзірлеу мен өткізуді орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Алдағы науқан барысында барлығы 9 мың 952 комиссия жұмыс істейтін болады»,-деді ОСК төрағасы.
Сондай-ақ ол сөзінде бүгін Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында сайлауды әзірлеу мен өткізу шараларының күнтізбелік жоспары бекітілгендігін атап көрсетті.