ҚХЛ жұлдыздарының Астанадағы матчы қашан өтетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Құрлықтық xоккей лигасы мен 'Барыс' клубы арасында жұлдыздар аптасын өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Осыған орай, Астанаға ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Меморандумға сәйкес, xоккей жұлдыздарының апталығы келесі жылы 10-14 қаңтар аралығында өтеді. Аталған шара "Барыс" аренасында ұйымдастырылмақ. Дәл осы шараның аясында Құрлықтық xоккей лигасы жұлдыздарының матчты өтетін болады.

Бүгінгі құжатты рәсімдеуге ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко, Астана қаласының әкімі Әсет Исекшев және "Барыс" xоккей клубының президенті Асқар Шопобаев қатысты. Осыдан кейін ҚХЛ басшысы "Барыс" аренасымен танысып шықты.

Айта кетейік, өткен жылы Астана ҚХЛ жұлдыздарының матчын өткізуге өтініш берген болатын. Алайда дауыс беру нәтижесі бойынша УФА қаласына жол беріп қойды. Осы жолғы конкурсқа Владивосток, Қазан, Хельсинки мен Астана қатысты. ҚХЛ-дың арнайы комиссиясы 2018 жылғы жұлдыздар матчын Астанада өткізу туралы шешім шығарды. Мерейтойлық матч 10-шы рет өтеді.