Киевте балалардың «Еуровидение-2009» ән конкурсы басталды

АСТАНА.  Қарашаның  17-сі. ҚазАқпарат  -   Киевте   балалардың «Еуровидение-2009»  ән конкурсы  басталды.  Дүйсенбі күні   Украина үйінде  өткен  конкурстың ашылу   рәсіміне   елдің  премьер-министрі Юлия Тимошенко  ханым  қатысты,

деп   хабарлайды  «Маяк»  радиосы.

 Еуропадағы  балалардың  ең  үлкен ән   конкурсы саналатын    додаға   бұл  жолы     Швеция,  Ресей,   Армения,  Румыния,   Сербия,   Грузия,  Нидерланды,  Кипр,  Мальта, Бельгия,  Македония,    Беларус,  Украина  елдерінің   жас өкілдері  қатысуда.