Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, паспорттық бақылаудан өту кезінде 34 жастағы қырғызстандық рюкзагында полиэтилен пакеттерге оралған 100 тірі аквариумдық тасбақаны алып өтпек болған. Аталған азаматтың жануарларды шекарадан өткізуге арналған рұқсат құжаттары болмаған.
Оның айтуынша, тасбақаларды белгісіз бір адамнан алып, Қырғызстаннан Өзбекстанға өткізуге тапсырма алған.
Құқық бұзушы мен тәркіленген тасбақалар тиісті органдарға беріліп, әрі қарай тергеу мен шара қабылдау үшін тапсырылды.
Бұған дейін хабарланғандай, елде экзотикалық жемістердің контрабандасы үшін салық қызметі мен көлік министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталған болатын. Биыл қаңтар айында Қырғызстан арқылы АҚШ-тан Ресейге қару контрабандасын жеткізу арнасы анықталған еді.
Айта кетелік Қырғызстан Өзбекстанмен байланыстыратын жаңа жолдар салуды жоспарлап отыр.