Кіші Кеннеди 2024 жылы АҚШ президенттігіне сайлауға түсуге ниетті
СNNтелеарнасының мәліметінше, 69 жастағы Кеннеди кіші Демократиялық партия атынан үміткер болуға ниетті.
Саясаткер - сенатор Роберт Кеннедидің (1925-1968) ұлы және Американың бұрынғы көшбасшысы Джон Кеннедидің (1917-1963) жиені. Телеарна атап өткендей, кіші Кеннеди вакцинацияға қарсы позиция танытуда. Ол, сонымен қатар экологияны қорғау белсендісі.
Кіші Кеннеди 2024 жылы Демократиялық партия атынан президенттік сайлауға түсу ниетін растаған екінші кандидат болды.
Осы жылдың наурыз айында Демократиялық партиядан президенттікке үміткер болу үшін жазушы Марианна Уильямсон да өз кандидатурасын ұсынды. Американың қазіргі көшбасшысы Джо Байден қайта сайлануға үміттенетінін ашық айтты. Алайда, ол жаңа сайлауалды науқан басталғанын әлі жариялаған жоқ.