«Кітап - сыйға!» акциясы басталды

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Кітап - сыйға!» акциясы салтанатты түрде басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара аясында «Қазақстан Республикасы.Тәуелсіздік шежіресі» көптомдық жинағы Астанадағы барлық жоғары оқу орындарына таратылды. Аталған жинақ «Тәуелсіздік шежіресі», «Елмен сырласу», «Елбасы жолдады - Ел қолдады» және «Әлем Қазақстан туралы, әлем Президент туралы» серияларынан тұрады. Кітап ҚР Президенті мәдениет орталығының директоры, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбековтың бастамасымен шығарылып отыр.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қариннің айтуынша, акция аясында «Қазақстан Республикасы.Тәуелсіздік шежіресі» көптомдық жинағы еліміздегі 145-ке жуық кітапханаларға таратылмақ. «Дәл осы уақытта партияның аймақтық филиалдары осы жинақты өңірлердегі кітапханаларға табыстауда», - дейді Е.Карин.