«Ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі өндірістер жөнінде етті мал шаруашылығында жұмыс істей бастаған кластер мысалын келтіруге болады. Бұл кластердің негізі салқындатылған сиыр мен қой етіне, тірі малға, мұздатылған етке нарықтық сұраныс болды. 2009 жылы Қытайда сиыр мен қой етінің импорты 50 мың тонна, 2018 жылы – 3 млн тонна болған. Бұл ретте Қазақстанда өндіріс мүмкіндіктері жер ресурстарымен шектелмейді, жайылымдық алқаптардың ауданы бойынша әлемде 5-ші орындамыз (180 млн га), қазіргі уақытта оның 30%-ы пайдаланылады», - деді А. Қожаназаров елордада «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық конференциясында.
Сарапшылар Қытайға жеткізушілер қатарына кіру үшін Қазақстанға ірі қара мал басын 8 миллионнан 15 млн басқа дейін ұлғайту қажет деп есептейді.
«Бұл 500 мың тоннаға дейін сиыр етін экспорттауға мүмкіндік береді. Бір келі сиыр етінің бағасы АҚШ долларынан болса, жыл сайын жалпы кіріс 2,5 млрд долларға дейін жетеді. Экспорттық кіріс фермерлерге және саланың басқа қатысушыларына біркелкі бөлінеді және басқа да салаларды дамытады», - деді Айдарбек Қожаназаров.
Айта кетейік, елордада «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, жаңартулар және перспективалар» атты халықаралық конференция өтуде.
Онда отандық және шетелдік сарапшылар әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, жаһандық еңбек нарығының даму үрдістерін, сапалы жұмыс орындарын құру мүмкіндіктерін және оларға бизнес-ортаның әсерін, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қажетті өзгерістерді, сондай-ақ әлемде адами капиталды дамыту мәселелері талқыланады.