Қиын экономикалық кезеңде, АҚШ-та ажырасқандардың саны қысқарып отыр

АСТАНА.  Желтоқсанның  10-ы.  ҚазАқпарат -   Экономикалық    дағдарыстың    оң  жағы  да  бар болып  шықты -  АҚШ-та     ажырасатын  ерлі-зайыптылар  азайып  отыр.

АҚШ-тың Халық   санағы бюросының  мәліметтеріне сүйенсек,  2005  жылдан бергі кезеңде  2008   жылы    алғаш рет  елде ажырасқандардың саны 4 пайызға қысқарған,  деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Атап айтқанда,  егер 2007  жылы  1000  ерлі-зайыпты отбасылық жұпқа  17,4  ажырасудан  келсе,  2008   жылы  бұл көрсеткіш - 16,9  болған.    Дегенмен, сарапшылар   бұл  фактіге  бірмәнді түсінік бере алмай  отыр.   Мүмкін,   экономикалық    қиыншылық   көптеген    жұптарды  ажырасудан  ұстап тұрған  шығар,  және  олар  өз  некелерін уақытша  сақтап    отыруы ықтимал.   Енді  біреулері,   «абырой әпермейтін бұл әрекетпен»  байланысты   шығынға  жол бере алмайтындықтан,  ажыраспай  отырған  шығар   немесе серіктесіне  қаржылай    тәуелді  болғандықтан шығар.  Әйтеуір, неде болса,  ажырасқандар  саны азайып  отыр.