— Қыз алып қашу — адам ұрлау деген сөз, бұл — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп — бәріне ортақ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс екенін атап өтті.
Бұған дейін Президент Шымкентте бойжеткеннің өліміне қатысты Бас прокуратураға тапсырма берді.