Бұл форумдарға 15 мыңға жуық адам - БҰҰ-ға мүше 192 елден ресми өкілдер, сарапшылар, журналистер қатысуда. Желтоқсанның 17-18-і күндері өтетін форумның қорытынды отырысына 100-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары келеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Форумға қатысушылар мерзімі 2012 жылы бітетін Киото хаттамасының орнына жаңа халықаралық келісім қабылдауға тырысып көреді. Әзірге, дамыған және дамушы елдердің арасындағы басты мәселе бойынша келіспеушілікті еңсеру мүмкін болмай отыр: тараптар климаттың өзгеруімен күресу үшін кедей елдерге көрсетілетін көмектің мөлшері мен зиянды газдардың шығарылымын қысқартудың көлемі бойынша келісе алмай келеді.