«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл ақпаратты жаңылыстықпен таратылған мәлімет деп қабылдайды. Шын мәнінде ҚМДБ қызметкерлерінің 12 пайызының ислами жоғары білімі бар екенін, ал арнаулы діни білім алғандардың көрсеткіші 15 пайызды құрайтындығын хабарлаймыз», - делінген таратылған мәлімдемеде.
Сондай-ақ елдегі 1 мыңнан астам дін қызметкерінде Алматыдағы Имамдардың білімін жетілдіру институтының дипломы бар. «Осы көрсеткіштерді қоса есептегенде ҚМДБ-ның қарамағында қызмет ететін дін кадрларының 62 пайызының діни білімінің барын жалпы бұқара назарына жеткіземіз», - деп түйіндеді ҚМДБ өз хабарламасында.