ҚМДБ-ның 11 мешіті тіркеуден алынып тасталды

АҚТӨБЕ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Нұрғасыр» облыстық мешітінің «Руханият» мұражайында Ақтөбе облысының мешіттерін тіркеу және қайта тіркеу мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

«Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес, барлық діни бірлестіктер аталмыш заң күшіне енгеннен кейін бір жылдың ішінде осы заңның талаптарына сәйкес өздерінің құрылтайлық құжаттарына тиісті өзгертулер енгізуі қажет болды.

Осыған байланысты барлық діни бірлестіктерге, сондай-ақ діни бірлестіктердің филиалдары ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін тиісті өзгертулерді енгізу мерзімі аяқталатындығы туралы ескертілді.

Бүгінгі күні Қазақстан Діни мұсылмандар басқармасының 62 филиалы  есептік қайта тіркеуден өтті, оның ішінде 4-еуі -«Ш. Қалдаяқов атындағы Қарғалы аудандық мешіті», «Шағатай хазірет» мешіті, Уыл ауданы «Амангелді ауылының мешіті», Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата атындағы мешіт» ҚМДБ-ның мешіттері.

Онымен бірге, ҚМДБ-ның филиалдары ретінде тіркелген, бірақ ұзақ жылдар бойы құрылыстарын аяқтамаған 11 мешіт есептен алынып тасталады. Олар салынып біткен соң заңнамаға сәйкес қайта тіркеуден өтетін болады.