Баспасөз орталығы таратқан мәліметке қарағанда, Қор Басқармасы 2017 жылдың 1 тамызынан бастап заңды күшіне енетін ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің төмендегідей құрамын бекітті: Кристофер Уолтон, төраға және тәуелсіз директор; Сауат Мыңбаев, басқарма төрағасы; Стивен Уайт, тәуелсіз директор; Ерлан Баймұратов, тәуелсіз директор; Балжит Каур Гревал, Директорлар кеңесінің мүшесі; Берік Бейсенғалиев, Директорлар кеңесінің мүшесі; Ұзақбай Қарабалин, Директорлар кеңесінің мүшесі.
Аталған директорлар Қордың Корпоративтік басқару кодексіндегі ротация жоспарына сәйкес 3 жылға сайланды.
ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің төрағасы Фрэнк Куйлаарс пен Аудит комитетінің төрағасы Питер Лейн ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінде 2017 жылғы шілденің аяғына дейін қызмет атқарады. Қордың шешімі ҚМГ ҰК Директорлар кеңесіне 2017 жылдың 29 маусымында өткен отырыста хабарланды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Фрэнк Куйлаарс пен Питер Лейнге ризашылығын білдіре отырып, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге сеп болған кәсіби біліктіліктерін атап өтті.