Қоқыс жәшігі деп, контрабандалық темекіні алып өтпек болған
АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау теңіз портында контрабандалық тауар тәркіленді. Кеден бекетінің қызметкерлері ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметімен және экономикалық тергеу департаментімен бірге Бас көлік прокуратурасының талабы бойынша, кедендік тексеру барысында Иран Ислам Республикасынан келген жүк контейнерінде темекі партиясын анықтады.
Фото: inaktau.kz
Бірақ, тауар құжат бойынша «қоқыс жәшігі» деп көрсетілген. Жүк контейнерін жөнелтуші ирандық компания, ал тауарды алушы қазақстандық ЖШС-нің бірі болып шықты.
Фото: inaktau.kz
Қазіргі уақытта тасымалдау объектісінде кедендік тексеру жалғасып жатыр. Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.