Көкшетау қалалық соты 169 қылмыстық іс бойынша шешім шығарды

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық соты ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында өндіріске тапсырылған 189 қылмыстық істің 169-ы бойынша шешім шығарып, оның барлығы да күшіне енген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы уақытта сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмысқа қатысты үш іс қаралып, соның барысында екі лауазым иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар аса ірі көлемде заңсыз есірткі саудасы және оны пайдалануға байланысты 4 қылмыстық іс қаралып, 5 адам әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Жылдың бірінші тоқсанында азаматтық істерге қатысты 2905 іс қаралып, оның 1597-сі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Осы уақытта жұмыстан заңсыз шығарылып, қайта орналастыруға қатысты 17 өтінім түсіп, оның 10-ы бойынша оң шешім шығарылды. Жетеуінде жұмысқа қайта орналастыру талап етіліп, 2-у кері қайтарылды, 1-уіне сырттай қанағаттанарлық шешім шығарылды.