13:19, 11 Сәуір 2009
Көкшетау қалалық сотының шешімімен есірткі саудагері он жылға бас бостандығынан айрылды
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық сотының шешімімен С.есімді айыпталушы есірткі саудасына және есірткіні пайдалануына байланысты он жылға бас бостандығынан айырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Өткен жылы С.есімді қылмыскер салмағы 1,61 грамм героинді сатып алып, заңсыз саудалаған. Іс жүргізу барысында айқындалғандай есірткіні өзі де қолданып келген. Тергеу амалдарының қорытындысы негізінде қалалық сот айыпталушыны ҚР ҚК-сінің 259-ыншы бабының 3-ші «в» және 55-ші бабы бойынша жауапкершілікке тартып, он жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім қабылдады. Сонымен бірге ол ҚР ҚК-сінің 13-інші бабы 3-ші тармағы бойынша қоғамға өте қауіпті деп анықталып, ҚР ҚК-сінің 95-ші бабы негізінде жазасын өтеу мекемесінде емделу жөнінде шешім қабылданды. Ақмола облыстық соты үкімді өз күшінде қалдыру туралы қаулы шығарды.