Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, кеше, қыркүйектің 2-сі күні түс ауа Кенесары көшесінде орналасқан жекеменешік тұрғын үйде өрт болып, жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.
Құтқарушылар өртті сөндіру барысында 2008 жылы туған нәрестенің мәйітін тапты.
Тілсіз жау Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен екі сағатқа жуық уақыттан кейін толығымен ауыздықталды.