деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.
Ауқымды мерекелік бағдарлама аясында жұртшылық назарына «Ленинградтық өренім» қойылымының тұсаукесері ұсынылды. Сахна төрінде алғаш рет балет өнерінің тамаша туындылары «Аққу көлі»(П.Чайковский), «Болеро» (М.Равель), Федор Достоевскийдің романы бойынша «Оркестрге арналған сыбызғы концерті» (1,2 бөлімдері) шығармалары орындалды. Әр қойылым арасында өнер шебері жұртшылықпен жылы-шырайлы пікірлесіп, әңгіме өрбітті. Кеш ақпараттық-танымдық, пікір алмасу арнасында жалғасын тапты.