Көкшетау полицейлері 5 оқшантайы оққа толы тапаншасы бар адамды қолға түсірді

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ақмолалық полицейлер оқшантайы оққа толы тапаншасы бар ер адамды ұстады.

Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Облыс орталығының көшелерін қадағалау кезінде көппәтерлі үйдің жанында орналасқан металл гараждың үстіне шығып алған ер адам патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне сезік туғызды.

Тексеру кезінде одан 1940 жылы шығарылған ТТ-41458 жауынгерлік тапаншасы, 30 оқпен жабдықталған 5 оқшантай табылды. Тапанша кеудешеге оралып, пакетке салынған.

Ұсталған 39 жастағы азаматтың сөздерінше, ол көлікпен адам тасымалдаумен айналысады, ұсталудың алдында бір күн бұрын саяжай сілемдерінің аумағында ішінде тапанша жатқан пакетті тауып алған. Оны үйге апармай, гараж төбесіне жасырған.

Қазіргі уақытта полицейлер ұсталғанның түсініктерін тексеруде. Тапанша баллистикалық сараптамаға жіберіледі. Ер адамның әзірге ашыла қоймаған өзге  қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 Тексеру қорытындылары бойынша процессулдық шешім қабылданады.