Полицейлердің мәліметі бойынша, Көкшетау қаласының тұрғыны, 32 жастағы ер адам 1986 жылғы қызды бар болғаны 20 мың теңгеге сатып жіберген. Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 128-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Егер кінәсі анықталып жатса, онда оның мүлкі тәркіленіп, 3-5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Ал, 51 жастағы әйел болса, жеңгетайлықты ойластырмақ болды деген күдікке алынған. Одан заттай дәйек ретінде өңі кеткен 2 мың теңге ақша алынды. Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.