КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 13 желтоқсанында Абай көшесіндегі «Оқжетпес» футбол стадионына жапсарлас салынған жеңіл атлетикалық манеж ғимаратында Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің азық-түлік тауарлар жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке барысында барлығы 44,3 миллион теңгенің 43 түрлі азық-түлік өнімдерін саудаға шығару жоспарланған. Оның ішінде, 32 тоннаға жуық ет пен шұжық, 1,5 тонна балық, 80,7 мың дана жұмыртқа, 13 тонна ұн мен макарон, 11 тонна картоп, 7,8 тонна көкөніс, 10,5 тонна қант және 8 тоннадан астам сүт өнімдері құрап отыр. Жәрмеңке де азық-түлік түлік өнімі қала базаларындағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатылмақ.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.