Олардың арасында 9 ақмолалық азамат бар: Александр Рубас, Дүйсенхан Дүзбаев, Николай Лотков, Әбілжан Омаров, Марат Оразбаев, Иван Жаворонков, Асқар Ескендіров, Александр Серіков, Акрам Низамов.
Олармен қоштасып, естелік үшін гүл шоқтарын қоюға мыңнан астам көкшетаулық келді. Рәсімге облыс әкімінің орынбасараы Дәурен Әділбеков пен облыстық мәслихат хатшысы Нина Дьячек қатысты.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының қорынан қаражат бөлу туралы қаулы дайындалуда. Қаза тапқан ақмолалықтардың отбасыларына 9 млн. теңге көлеміндегі материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен.